Егістік алқапта жылқыларды сойып, етін алып кеткендер ұсталды
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында ауылдың шетіндегі егістік алқаптан үш бас жылқы малын сол жерде сойып, етін алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 1,4 млн теңге. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті үш ер адам анықталып, ұсталды.
Үшеуі де жұмыссыз облыс тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер Қазалы АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан мал ұрлығына ықпал ететін негізгі себеп – меншік иелерінің бақылауының болмауы. Мал иелеріне малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береміз. Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан