Қазақстанда үй қымбаттай ма
Қазақстанда баспана бағасы доллардың өсуіне сай өзгеріп отырады. Мұндай қорытындыны Energyprom.kz зерттеушілері жасады.
Доллар жоғарылағанда «Тұрғын үй бағасы көтеріле ме?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа бірден «иә» деп жауап беруге болады. Мысалы, 2014 жылы доллар мен еуро 17,8%-ға көтерілгенде, жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі – 15,2%-ға қымбаттады. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі бірден 19,9%-ға қымбаттады. 2016 жылы девальвация нәтижесінде бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы 10%-ға, қайталама нарықта – 7,9%-ға қымбаттады.
Қазақстандағы барлық төлем теңгемен жүргізілетініне қарамастан нарықтағы құрылыс материалдарының көпшілігі сырттан келеді. Ал ол тікелей доллар бағамына байланысты. Демек қазақстандық құрылыс салушылар импорт бағасына тікелей тәуелді. Оларда қымбаттатудан басқа амал қалмайды.
Түсіну үшін Қазақстандағы құрылыс материалдарының тауарлық матрицасын қарастыру жеткілікті:
Тіпті Қазақстандағы өз өндірісімен шынымен жақсы жұмыс істеп жатқан жерлерде - отқа төзімді цементтер мен ерітінділер сегменттерінде (нарықты жергілікті өндірісі 70,1%-ға, бетон бұйымдары (98,1%), портландцемент (86,8%), ерітінділер (99,8%), лак-бояу материалдары (66%) және тағы басқа қазақстандық тауарлардың құрамындағы импорт үлесі жоғары.
Мысалы, ерітінділер мен бояуларға қажет химиялық заттар Қазақстанда өндірілмейді. Бұл дегеніміз мұндай өнімдердің бағасы Қазақстанда өндірілсе де, негізінен импортқа тәуелді болады дегенді білдіреді.
Валюта бағамының өсуімен бірге Қазақстандағы құрылыс құны да артатыны рас. Оқиғаның басқаша дамуы әзірше мүмкін болмай тұр. Қайткен күнде де құрылыс салушылар үйдің жаңасын бастау былай тұрсын, бар нысандардың құрылысын аяқтай алмай қалуы да мүмкін, – дейді зерттеушілер.