Желіде ақылға қонбайтын ырымның видеосы тарады
Видеодан скриншот
Видеода кішкентай сәбиді анасы ұстап отыр. Ал жасы үлкен кісі баланың басына шұжықты қойып, оны өткір пышақпен кесе бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram-дағы Aqparat.kz парақшасында бәзбіреулердің ырым жасап отырған видеосы тарады. Онда үлкен кісі кішкентай баланың басына шұжықты ұстап тұрып, оны кесе бастайды.
Желі қолданушылары осы видеоға наразылығын білдіріп жатыр. Біразы бұл ырымның қайдан шыққанын, не мағынасы бар екенін түсінбей дал. Қазақстандықтар ырымды жасағандарды сөгіп жатыр:
Артынан жұмыртқа жармадыңыздар ма? Ақымақтық.
Мына апамыз қуды. Рольге жақсы кіріп отыр.
Баланың басына пышақ тиіп кете ме деп жүрегім ұшты ғой.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript