Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Құжатта мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес орталықтарға және басқа кеңселерге қойылатын талаптар атап өтілген.
Үкімге сәйкес:
Келушілер үшін жұмыс орындары мен үй-жайларды жүйелі түрде желдету қажет;
Мекемеге бетпердесіз кіруге рұқсат етілмейді. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, ғимаратта келушілердің бетпердемен міндетті түрде болуы қажет;
Кіреберісте, залдарда, санитарлық тораптарда тері антисептиктері бар дезинфекциялық құралдар орнатылған.
Сондай-ақ шектеу шараларын күшейту эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде асқынған жағдайда («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» ауысу) өтетіні айтылды.
Сонымен қатар, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 5 күнде жүзеге асырылады.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Еске салайық, 11 наурызда Қазақстанда міндетті түрде бетперде кию және Ашык пайдаланудан бас тартылғаны белгілі болды.