Димаш Әділет Ресейдегі «Холостяк» шоуына қатысып жатыр
Қыздардың алдына шыққан Әділет есімі Родриго Гереро екенін, Монтереодан (Мексика) келгенін айтты. Сосын ол кішкене үзіліс жасап, мұның әзіл екенін жеткізді.
Сосын «Негізі менің есімім Димаш. Мен Қазақстаннанмын, Алматыда дүниеге келдім. Бірақ өмір бойы Женевада тұрдым. Рұқсат етсеңіздер, мен осы шоуда жаңа бойдақ боламын», – деді Димаш Әділет.
Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына «Холостяк» шоуынан видео жариялап, жаңа қатысушы екенін хабарлады.
Барлық қызық келесі сенбіде екінші серияда басталады. Жіберіп алмаңыздар. Димаш Әділет
Қатысушылар Димашты көре сала, шулай жөнелді. Олар шоуға екінші бір бойдақ қосылғанына қуанышты. Кейбірі Женевада тұруға қарсы емес екенін айтты.
Ал Димаш Әділеттің Instagram-дағы оқырманы бұл видеоға түрлі пікір білдіріп жатыр:
Димаш, қайдағыны айтпай, Қазақстанға қайт!
Қатысушылардың ешқайсы Димашқа лайық емес
Ол соңында ешкімді таңдамайды, 100%
Оның кіріп келгені тура Марвел фильмдеріндегідей болды
Шекесінен шертіп таңдап ал!
Мен «Холостяк» шоуының тоғызыншы маусымының жаңа бойдағымын. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Үлкен әрі қызық тәжірибе алдым. Сіздерге де ұнайды деп ойлаймын, – деп жазды Димаш Әділет.