Жаңалықтар тізбегі
0

«Сіздерді жақсы көремін»: Димаш Әділет отбасын көрсетті

Димаш Әділет, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 15:28 Сурет: Instagram/dimashadilet
Ресейлік «Холостяк» ойын-сауық шоуына қатысқан қазақстандық бойдақ Димаш Әділет отбасылық фотоларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотоларды қазақстандық бойдақ Instagram парақшасында бөлісті. Димаш Әділеттің айтуынша, анасымен түскен бірінші және екінші фотоның арасы – 26 жыл. Димаш бүкіл отбасымен түскен фотосын да жариялады.

Жылы лебіздеріңіз үшін отбасымыздың атынан көп рақмет. Барлығымыз өте ризамыз. Ал мен өмірге осындай тамаша отбасым барына ризамын... Ата-анамнан отбасының, махаббаттың, қарым-қатынастың тамаша үлгісі барына қуаныштымын. Барлығы үшін рақмет. Әкем – ең жақсы әке. Анам – ең жақсы ана. Ең жақсы аға мен әпке де бар. Ең жақсы отбасы. Сіздерді жақсы көремін! – деп жазды Димаш Әділет.

Қазақстандық бойдақтың жанкүйерлері мен оның парақшасын оқитын оқырман отбасылық фотолардың астына пікір жазып, қызу талқылап жатыр.

17 мамырда Димаштың анасы Валентина Дурумбетова ұлын туған күнімен құттықтап, оның бала кезіндегі фотоларын бөлісті.

Бұған дейін желі қолданушылары Димаш Әділетті Marvel Comics суперқаһарманы Капитан Америкамен салыстырған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: