Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік валютаға қатысты тыйымды бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылады

Алтын құймалары, шетел валютасы, доллар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 17:25 Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі
Қолма-қол ақша мен шетелдік валютадағы ақша құралдары сомасының баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы қажет. Бұл туралы байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ комитет өкілдері мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерге жол бермеу үшін өзімен бірге (багажда) бар қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берді.

Ведомство алтын құймаларына қатысты шектеулерді де атап өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитеттегілер ереже бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан кететін тұлғаларға шет елдік валютаны және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: