Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан тергеу изоляторы қызметкерінің отбасына баспана берілді

кілт табысталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 16:17 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алып, бақилық болған ҚАЖ қызметкерінің отбасына баспана берілді, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев екі бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері әділет прапорщигі Ербол Ержановтың жақындарына табыстады.

Пәтерді бергенде не қуанарымды не жыларымды білмедім. Өзі көрмей кетті. Кілтті өз қолына бергенде бұл жағдай мулдем басқаша болар еді ғой деген арман мен өкініш бар. Бірақ Алланың жазғанына қарсы келмейміз. Шүкіршілік айтамын. Ерболдың көрмеген жақсылығын артта қалған көзіміздің ағы мен қарасындай ұлым мен қызым көрсін. Балаларын аманат қылып тастап кеткен Аллам маған денсаулық берсін деп тілеймін. Енді бұндай кайғылы, қаралы қаңтар айй болмасын. Отбасы шайқалмасын. Еліміз тыныш болсын. ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің қызметкерлеріне көмектерін көрсетіп жатқандары үшін үлкен рақметімді айтамын, – деді марқұмның жұбайы Гүлім Ержанова.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында. Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болды және екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.

Біздің әріптесіміз Ербол Ержанов жаппай тәртіпсіздік кезінде қызмет барысында қаза тапты. Өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халқына деген адалдығын абыроймен көрсетті, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: