Президент жолдауынан кейін Конституцияға қандай өзгерістер енгізіледі

конституцияға өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 10:32 Сурет: Zakon.kz
ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Елбасы жолдауынан кейін Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституцияға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

  • президенттік өкілеттіктер,

  • оның қызмет ету мерзіміне байланысты шектеулер,

  • Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерін саяси партиялардан шығару;

  • Парламент Сенаты мен Мәжілісін құру тәртібі мен функцияларын;

  • Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары есеп палатасына қайта құру;

  • мәслихаттарды құру тәртібі,

  • азаматтардың, Бас Прокурордың және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, Конституциялық Сотты құру;

  • Конституцияда өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту.

Бұл блок бойынша заң жобасын әзірлеу 2022 жылдың сәуір айында күтілуде.

Конституциялық заңдар мен заңдарға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

  • әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында қызмет атқаруына тыйым салу;

  • Парламент Сенаты мен Мәжілісін құру тәртібі мен функцияларын;

  • Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесiнiң Төрағалары лауазымдарына кандидатураларды келiсу;

  • жоғары есеп палатасын құру,

  • мәслихаттардың құрылу тәртібі мен функциялары;

  • саяси партияларды тіркеу тәртібін жеңілдету;

  • Прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы,

  • сайлау процесін жетілдіру,

  • алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санаттарын кеңейту,

  • Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау,

  • жергілікті басқару.

Конституциялық заң мен осы блок бойынша заң жобасын әзірлеу 2022 жылдың тамызында күтілуде.

Мыналарға қатысты Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларын қабылдау:

  • Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы, Алматы облысының Жетісу және Алматы облыстарына бөлінуі,

  • облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының санына шектеулер.

  • Осы блок бойынша Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу 2022 жылдың маусым айында күтілуде.

16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Конституциясына 30-дан астам түзетулер енгізу керектігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: