Нұр-Сұлтан маңында үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Жылқыларды қақты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 16:54 Сурет: Көліктегі ДП баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркеншілік-Сарыоба алаңында 20 жылқыны пойыз қағып кетті. Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі ДП-да түсіндіргендей, оқиға 18 наурыз күні сағат 03:00 шамасында болған.

Қараңғыда жүк пойызының машинисті теміржолдағы жануарларды бірден байқамай қалып, соқтығысты. Нәтижесінде 20 бас жылқы өлді. Көліктегі ДП баспасөз қызметі

Жылқыларды 44 жастағы бақташы қараусыз қалдырған.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 559 бабы бойынша темір жол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Көліктегі ДП баспасөз қызметі

Кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: