Геннадий Головкин сотқа жүгінуге мәжбүр болды
Сурет: Instagram/gggboxing
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын сотқа берді. 2018 жылдың қыркүйегінде сол кезде компания атынан шыққан Сауль «Канело» Альвареске қарсы екінші жекпе-жегіне байланысты қарыз себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол жылы Golden Boy мен Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешін бірігіп өткізген еді, деп жазды allboxing.ru.
Головкин Golden Boy Promotions компаниясы келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарыз талап етіп отыр.
Шағым Лос-Анджелес округінің орталық бөлігі бойынша Калифорнияның жоғарғы сотына жолданғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript