Сауалнама жүлделері: Қазақстандықтарды ірі пошта желісінің атынан алдап жатыр
Сурет: pixabay
Қазнетте алаяқтар белсенді бола бастады. Олар күмәнді сауалнамаларға қатысқаны үшін ақшалай сыйлық уәде етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stopfake.kz сайтында атап өтілгендей, пайдаланушыларға сауалнамаға қатысып, «Қазпочта» АҚ-ның 140 жылдығына орай ақшалай сыйлық алу ұсынылады.
Негізі бұл сауалнамаға қазақ ұлттық пошта желісінің қатысы жоқ. Ресми сайтта да, оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында да мұндай акциялар туралы хабарландырулар жоқ.
Сауалнаманың алаяқтардың ісі екенін оның қорғалмаған платформада орналасуы да дәлелдейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript