БҚО-да жем іздеген ақбөкендер ауыл ішінде жүр
Сурет: wikimedia
Әдетте қарайғаннан үркетін киіктер Казталов ауданының Қараоба ауылында жүр. Аштықтан бұратылған ақбөкендерге тұрғындар жем-шөп беріп, амалдауға көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
24.kz сайтының жазуынша, жақында Теректі ауданының Подстепный ауылына да елік кіріп кеткен еді. Мамандар мұның себебін өңірде қардың қалың түсуімен байланыстырып отыр.
Орманда әлі қар өте қалың. Кей жерлерде бір жарым метрге дейін қалыңдықта қар жатыр. Дегенмен орман шаруашылықтары қолдан келген шараларды өткізіп жатырмыз.Январцев орман шаруашылығы мекемесінің директоры Талғат Ілиясов
Ол өзі басшылық ететін мекемеде 100 центнердей шөп әзірленіп, 25 тоннадай жем сатып алынғанын айтты. Оған күнара, екі-үш күнде бір барып, жем шашып жануарларды қоректендіреді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript