Қарағанды облысында балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған
Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісі бірнеше баланың желкесінен қойып жіберген видео пайда болды. Видео резонанс тудырып қана қоймай, құқық қорғау органдарының назарын аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram әлеуметтік желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланған видеоға сүйенсек, жағдай Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшаның бөбекжай тобында болған.
Видеоны осы балабақшаға баласы баратын ана жолдаған.
Бүгін камералардан бейнежазбаны көрдік, болған жайт бізді таң қалдырды, - дейді видео авторы.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Видео тарағаннан кейін қазір зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Бейнежазбаға Абай аудандық білім бөлімі де түсініктеме берді.
«Әдемі» балабақшасы жекеменшік мектепке дейінгі мекеме болып табылады және Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. Жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында 550 орындық болып ашылды. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, тексеру қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Абай ауданының білім бөлімі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript