Шығыс Қазақстан облысында екі отбасы қарлы боранда адасып қалды
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қарлы боран кезінде адасып қалған Павлодар қаласының тұрғындарын құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Наурыздың 22-сі күні полицияға екі отбасының қарлы бораннан адасып қалғаны туралы хабарлама түскен.
Полицейлер үш сағаттың ішінде жоғалғандарды тапты.
Олар Павлодар қаласының тұрғындары болып шықты. Көлікте екі отбасы болған: екі ер адам, екі әйел және төрт бала. Олар Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы аумағында орналасқан киелі «Қоңыр әулие» мекеніне бара жатқан жолда адасып қалған. ШҚО ДП баспасөз қызметі
Полицейлер оларға көмектесіп, көлікті қар құрсауынан шығарып, облыс орталығына апарды. Түнде тамақ пен жатын орынмен қамтамасыз етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript