Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаштықтар Ұлытау облысына қосылуға қарсылық білдіріп, петиция әзірледі

Балқаш, петиция, Қарағанды, Ұлытау облысы, Жолдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 11:47 Сурет: Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Балқаш жұрты жаңа құрылатын Ұлытау облысына қосылуға қарсы. Бұған себеп – Балқаш қаласынан Жезқазғанға дейінгі жолдың шалғайлығы. Ал Ағадыр кентінің тұрғындары президенттен елдімекенге бұрынғы аудан орталығы статусын қайтарып беруді сұрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасы журналистерінің мәлімдеуінше, Балқаш қаласының тұрғындары Ұлытау облысын құру туралы жаңалыққа қуана қоймаған.

«Кеңес кезіндегі Жезқазған облысының аумағы қайтадан бұрынғы қалпына келтірілсе, облыс орталығы алыстап кетеді.Төрт жүз шақырым жердегі Қарағандыны алыс деп жүргенде, Жезқазған тіпті жеткізбейін деп тұр», – дейді жергілікті жұрт.

Оның үстіне, Қарағандымен арадағы автобан құрылысы аяқталып қалды. Мұны балқаштықтар ұзақ күткен еді.

Экономикалық жағдайын айтпағанда, Балқаш қаласының жасы ұлғайған қарттарының, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарының ем алуға баруына жолдың ұзақтығы зор қиындық тудырары сөзсіз. Сондықтан да біз, балқаштықтар, Ұлытау облысына қосылуға түбегейлі қарсымыз.Балқаш қаласының тұрғыны Нұрдос Кәрім

Ал 1997 жылы аудан статусынынан айырылып, Шет ауданының құрамына кірген Ағадыр кентінің тұрғындары болса, Ағадырды қайта аудан орталығы болуға әбден лайық деп санайды. Өйткені кенттің инфрақұрылымы мықты әрі мұнда темір жолдың ірі торабы орналасқан. Осыған орай тұрғындар Ағадырға аудан статусын беру туралы петиция әзірледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: