Ұлытау облысын ілгерілетуге 1,4 миллиард теңге инвестиция тартылмақ

Ұлытау облысын ілгерілетуге 1 триллион 400 миллиард теңге инвестиция тартылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Үкімет отырысында аймақтың 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары мақұлданды. Құжат әртүрлі сала бойынша оншақты бағытты қамтиды, деп жазады qazaqstan.tv.
Мысалы 9 жаңа зауыт пен өнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 11 инвестициялық жоба іске қосылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 130 шақырым жылу желісі, су құбыры мен су бұру желілерін салу және жаңғырту жоспарланып отыр.
5 жылдық кезеңге арналған жұмысқа қажет қаржының 124 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінеді. Сонымен бірге жеке инвестициядан 1,2 триллион теңге қаралмақ, - дейді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript