Білім мекемелерінде енгізілген карантин шектеулері алынып тасталады
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында:
кабинеттік оқыту жүйесін болдырмауға;
маска кию режимін міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталсын.
Маска кию режимін сақтау білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында маска кию режимін сақтау және зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау қамтамасыз етіледі.
Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының осы қаулыға қайшы келмейтін бөлігіндегі талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.