Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді

Мемлекет басшысы сыйлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2022 10:27 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы табыс етілді. Онда балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған.

Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік төрт бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған.

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: