Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді

Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 09:43 Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алты жасар Хадия Кунаева Қазақстан Президентінің атынан сыйлық иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Екібастұздың жас тұрғыны джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған. Ол өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. Ол бұл туралы 3 желтоқсанда Instagram парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ, қыздың жаттықтырушысы, кішкентай жеңімпазды әкесі — спортшы Самат Кунаев екені белгілі болды.

"Жеті баласының алтауы жекпе-жекпен айналысатын отбасы — спорттық тәрбиенің, тәртіптің және отбасылық құндылықтардың үлгісі",- деп атап өтті өңір басшысы.

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандық екі спортшының бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: