Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында алты жасар бала мектептің жанындағы шұңқырға түсіп кеткен

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 18:29 Сурет: Ерсін Еркенов
Аққулы ауданында 1 мамырда алты жасар бала орта мектептің бұрынғы дәретханасының шұңқырына түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz баланың анасы ұлының құм мен бұтақтар үстінде жатқан допты алмақшы болғанын айтады.

"Қоршау болған жоқ. Ұлы допқа қарай бір қадам жасағанда-ақ ортаң белден шұңқырға түскен. Ол шұңғырдың шетінен ұстап үлгеріп, айқайлай бастаған. Сол маңда бақытқа орай, үшінші сынып оқушысы болған. Ол дүкенге нан алу үшін бара жатыпты. Сол бала ұлымды шұңқырдан шығаруға тырысқан", - деді әйел.

Бірақ үшінші сынып оқушысының күші жетпей, ол ересек екі баланы көмекке шақырады. Сөйтіп барлығы жабылып жүріп, баланы шұңқырдан шығарып алған.

"Ұлым қатты қорқып қалған, тоқтамай жылады. Сол кезде ауа райы да желді болды, ұзақ уақыт бойы оған көмекке ешкім бармаған. Егер сол маңнан өтіп бара жатқан балалар болмаса, не болатынын елестетудің өзі қорқынышты", – дейді зардап шеккен баланың анасы.

Баланы дәрігерлер тексеріп, оған тітіркену мен гипотермия диагнозын қойды.


Зардап шеккен баланың аранасы мектеп пен полицияға қоңырау шалған. Ата-ананы аудан әкімінің жеке қабылдауында да болыпты. 

Мекеме директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ермек Аққазеновтың айтуынша, 28 сәуірде тереңдігі 40 см болатын шұңқырдың бетін құммен жауып, үстіне бұтақтар тасталған.

"Сол кезде жіп байлап, қоршағанбыз. Кейін ол жоқ болып кетті. Жіп байланған бір таяқ қалған орнында. Құм отырыпты. Аталған оқыс оқиғадан кейін біз қайтадан оның үстіне құм төгіп, қоршап қойдық". Ермек Аққазенов

Жәбірленушінің анасы көше дәретханасы орналасқан жерді қайтадан құммен жауып, қызыл лентамен қоршап, тыйым салу тақтасы орнатылғанын растады. Сондай-ақ, бейнекамера да аталған аумаққа тбұрылып қойылды.

"Мектептің кінәсі бар, әрине. Қызметтік тексеру жүргізілді. "Завхоз" жұмыстан шығарды. Мектеп директоры ауруханада жатыр. Заң бойынша қызметкерге қатысты басшысы емделіп жатқан кезде тәртіптік жаза қолдана алмаймыз". Аудандық білім бөлімінің басшысы Еркін Еркенов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: