Оралда үш жасар бала шұңқырға түсіп кетті
Сурет: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Оралда шұңқырға түсіп кеткен үш жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
БҚО өтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 21:00 шамасында болған. Қонаев ықшамауданындағы №51 үйдің ауласында құтқарушылар шұңқырдан үш жасар баланың қолын алып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, бала аулада ойнап жүрген кезде ойыншығы трансформатордың жанындағы шұңқырға түсіп кеткен. Соны алмақшы болған баланың қолы кептеліп қалды. Жанынан өтіп бара жатқан көршісі жедел жәрдем шақырған.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала жарақат алмаған. Ата-анасы ауруханада ем алудан бас тартқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript