Қарағандыда бір жасар бала терең шұңқырға түсіп кетті

Қарағандыда бір жасар бала терең шұңқырға түсіп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2026 14:38 Сурет: видео скрині
Қарағандыда құтқарушылар тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға түсіп кеткен кішкентай баланы алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның Чайкин көшесінде болған. 2025 жылы туған ұл бала шұңқырға құлап кеткен.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар баланы шұңқырдан шығарып, анасына тапсырды. Кейін медициналық тексеру үшін бала жедел жәрдем бригадасына берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: