Заңғар Нұртас ағасы мен жеңгесін татуластырғанын айтты

Заңғар Нұртас, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 14:06 Сурет: Zakon.kz
Жақында Қайрат Нұртастың інісі Заңғар үйленді. Тойда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова оңаша билеп жүрген сәтінен желіде видео жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заңғар Нұртас үйлену тойынан кейін Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирге шықты. Сонда Заңғар оқырманның «Жұлдыз бен Қайрат туралы не айтасың?» деген өтінішіне жауап берді. Өзінің айтуынша оған желі қолданушылары жазып, ағасы мен жеңгесін татуластыруын сұраған.

Маған біразы жазып, ағам мен жеңгемді қосуымды, татуластыруымды сұрады. Тойыңа екеуін шақыр деді. Тойға жеңгемді шақырдым. Тойдың ортасына қарай келді. Мен ол кезде сахнаға шығып кеттім. Бізге тілектер айтылды. Сомен бәрі жақсы болды, – деді Заңғар Нұртас.

Әлеуметтік желі қолданушылары Заңғар Нұртасқа ризалығын білдіріп жатыр.

Айдос Қали
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: