Жаңалықтар тізбегі
0

Ақжол Мейірбеков әйелін қалай алып қашқанын айтып берді

Ақжол Мейірбеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 10:50 Сурет: видеодан скриншот
Ақжол Мейірбеков «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, үйленген кезіндегі естен кетпес оқиғаларды айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hit tv арнасының «Менің өмірім» бағдарламасына ел алдында жүрген танымал адамдар, жұлдыздар келіп, сұхбат береді. Сол сұхбаттардың бірінде Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков бұрын көп жерде айта бермеген оқиғаларын бөлісті.

Әншінің айтуынша, ол жары Шарипамен би алаңында танысқан. Ол кезде жас әнші қазіргі Тараз қаласындағы мәдениет үйлерінде ән салып, өнер көрсетіп жүрген. Сондай кештерде болашақ жары Шарипаны байқап қалған. Жұбайы да жас жігіттің ән айтқанын ұнатып, оған бірден көзі түсіпті.

Алайда Шарипа апайдың әкесі Ақжол Мейірбековке қызын бергісі келмеген. Себебі Шарипа апай – өзбек ұлтының қызы.

Қайын атам «Қазаққа қызымды бермеймін» дейді екен. Сол кездері Жамбылға апам келді. Ал мені әскерге қайта-қайта шақырып жатыр. Осы сәтті пайдаланып, Шарипаны апаммен таныстырдым, – деді Ақжол Мейірбеков.

Ақжол Мейірбеков Тараздағы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдында болашақ жарын күткен. Ол келгенде такси ұстап, Шарипа апайды алып қашады.

Таксиде отырып, артыма қараймын. Өзбектер мұндайға қатал. Қуып жетсе, атып тастауы да мүмкін. Қыздың ағасы үйге қуғыншы болып келді. Оған костюмін кигізіп, жағдайын жасап, жібердік. Кейін қайын атам «Қызым қайда?» деп үйге келді. Ол кісінің ашуланғаны сонша, сыйлықтың бәрін қораға тастап, жағып жіберген. «Көрмеймін, маған ондай қыз керек емес» деген еді.Ақжол Мейірбеков

Бүгінде әншінің бір қыз бен екі ұлдан 8 немересі, бір шөбересі бар.

Айдос Қали
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: