Дархан Қалетаев Украинадағы қазақстандықтар қалай эвакуацияланатынын айтып берді
Сурет: Air Astana
Украинадағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев ондағы қазақстандықтар үшін "жасыл" дәліз қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазірге дейін 500-ден астам Қазақстан азаматы Украина аумағынан қауіпсіз жерге кетуге өтініш білдірді. Алғашқы автобус Польша шекарасына қарай бағыт алды. Эвакуациялау осы елдің әуе кеңістігі арқылы жүргізіледі. Қазақстандықтардың жиналу орыны ретінде Львов қаласы таңдалды. Украинадағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев
Украина батысында орналасқандықтан Львов ең қауіпсіз қала ретінде таңдалды. Сонымен қатар бұл шаһар Польша шекарасына да жақын.
Жолаушыларды автобусқа отырғызып, "жасыл дәліз" арқылы белгіленген межеге дейін жеткіземіз. Польша Еуропалық Одаққа мүше болғандықтан көп азаматта шенген визасы жоқ. Бастапқыда осы жағынан түйткілдер болуы мүмкін деп ойлағанбыз. Бірақ Польшадағы біздің елшілік жергілікті билікпен келіссөз жүргізіп, Краковец әуежайынан Қазақстанға ұшу туралы уағдаласты. Ұшақ ертең түскі уақытта Алматыға қонады деген үміттеміз. Дархан Қалетаев
Айта кетсек, Air Astana әуе компаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Катовице қаласынан (Польша) Атырауға арнайы рейспен алып келуді жоспарлап отыр.
Рейс Катовицеден 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-де ұшады. Жолаушылар рейске Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша тіркеледі.Эйр Астана
"Қазақстандықтарды неге Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қалаларына емес, Атырауға алып келеді" деген сұраққа елші Атырауда экипаждың ауысатынын жеткізді, одан кейін ұшақ Алматыға ұшатынын айтады.
Мен бірнеше сағат бұрын (Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер – ескерт. ред.) Фостер мырзамен осы тақырыпта сөйлестім. Ол менімен сөйлесіп отырды, арасында таңдау жасады, содан: "Алматы немесе Нұр-Сұлтан дұрыс па» деп сұрады. Мен: "Алматы дұрыс шығар", - дедім. "Иә, Алматыға тоқталалық", - деді ол. Дархан Қалетаев
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Air Astana баспасөз қызметіне хабарласты.
Қазақстандықтар бар арнайы рейс алдымен Атырауға ұшып келетінін растаймыз, содан кейін әуе компания Алматыға рейстер ұйымдастырады, – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript