Атырауда үйінің шатырында сора өсірген күдікті анықталды
Сурет: Zakon.kz
17 наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
49 жастағы азамат өзінің үйінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 келі 100 грамды құрады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript