Сбер көбейтілген кешбэктер ұсынады

сбербанктың жаңалығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 11:52 Сурет: sberbank.kz
Банктің карталарымен қолма-қол жасалмайтын төлем жасаған кезде беріледі.
Хиппи дәуірі мен панк-роктың пайда болуы бүгінде үнемді және тиімді сауда саласында ең басты трендты қалыптастырды.

Мәселе кешбэк туралы, бүгінде бұл ұғымды білетіндер күн санап артуда. Біріншіден, бұл – үнемділік, екіншіден, ақшаны тиімді жұмсау, себебі жұмсалған қаражаттың белгілі бір пайызын қайтарып алуға болады.

Әр адам – белсенді сатып алушы. Сондықтан СберБанк жоғарылатылған кешбэк маусымын бастайтынын қуана хабарлайды, солайша, клиенттерге жасаған саудасынан айтарлықтай сома үнемдеп қалуға мүмкіндік береді.

Ол үшін СберБанктің POS-терминалдар желісінде СберБанктің картасымен төлем жасап, әр төлемнен 5% қайтарып алыңыз.

Кепілдендірілген 5%-дық кешбэк картаға айдың соңында нақты ақша түрінде түседі, клиенттер оны өз қалауы бойынша жұмсай алады.

Картаға бір айда түсетін ең көп кешбэк – 15 000 теңге.

СберБанк өз карталарын қолма-қол емес ақшаны пайдалануды одан ары тиімді ететін опциялармен толықтыруды жалғастырады.

Назар аударыңыз: 5%-дық кешбэкке ие болу үшін сауда ақысын СберБанктің POS-терминалдық желісі арқылы СберБанктің карточкасымен төлеу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: