Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды

"Хабар" агенттігі, Қазақстан, қазақ телевизиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 11:33 Сурет: "Хабар" агенттігі
Бұл туралы «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна – журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін, – Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.

  • 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 

  • 2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 

  • 2019 жылдың тамызынан «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі. 

Жайна Сламбекқызы – Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж). 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: