250+ ауылдары Tele2/Altel желісінде жаңа рекордтар жасауда
Ауылдық жерлерде интернеттің қарқынды өсуінің драйвері – байланыс деңгейін техникалық жақсартуға және әлеуметтік бағыттағы өнімдері әзірлеуге оператордың бағыт алуы болды.
«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобына кіретін Tele2/Altel алдымен «250+» бағдарламасы аясында республикамыздың жүздеген шалғай ауылдарын сапалы интернетпен және байланыспен қамтамасыз ете отырып, контент бөлігімен айналысты.
Сурет: altel.kz
Қазақстандағы алғашқы «Туған жер» арнайы тарифінің нарыққа шығуын ерекше атап өткен жөн. Шағын ауылдардың тұрғындары аз төлеммен мемлекеттік, білім беру платформаларына және даму үшін маңызды өзге платформаларға шексіз қол жеткізе алды, сондай-ақ тұратын аймағында шексіз қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болды. Көбіне тарифтің арқасында «250+» ауыл тұрғындарымен бір жылдан аз уақыттың ішінде тұтынылған мобильді интернет-трафиктің мөлшері 12 миллион гигабайттан асты. Телефон арқылы сөйлесуге келер болсақ, «250+» АЕМ-де олардың жалпы ұзақтығы бір жылда 740 миллион минуттан асты. Жылдарға қайта есептегенде – 1400 жылдан артық!
Техникалық жақсартулардың барлығын Tele2/Altel CEO-сы Сергей Коньков сынап көрді, бұл ретте ол «250+» бағдарламасының арқасында интернетке қол жеткізген Қазақстан ауылдарына барды. Компания басшысы интернеттің пайда болуының арқасында орын алған жақсарулардың барлығын көрді. Сергей Коньков барған ауылдардың тұрғындары желіден келесідей маңызды лайфхактар тапты: зиянкес жәндіктерден құтылу, аспапты жөндеу, өз қолымен қандай да бір пайдалы нәрсе жасау жолдары. Сондай-ақ балаларға арналған және білім беру контенті бар бейнехостингтер ауылдықтар үшін таптырмайтын нәрсе болды.
2022 жылы Tele2/Altel ауылдық интернетті жан-жақты қолдау мен дамытуды, сондай-ақ пайдаланушыларды сапалы контентпен қуантуды әрі қарай жалғастырады. Қазірдің өзінде Altel брендінің қолдауымен іске қосылатын Digital Nomad ауқымды жобасының алғашқы шығарылымдарын дайындау үдерісі белсенді жүріп жатыр. Идея қазіргі таңдағы қазақтың ата-бабасының қазынасы секілді аса маңызды нәрсені іздеумен түсіндіріледі.
Сурет: altel.kz
Халқымыздың матриалдық және бейматериалдық тарихи мұрасында сақталып қалған мәдени кодпен түсіндіріледі. Жоба кейіпкерлері көрермендерді туған жердің еліктіргіш тарихына жетелейді. Олар қасиетті жерлерге барады, халықтық мерекелерге, әдет-ғұрып рәсімдеріне, ат жарыстарына, зерттеулерге қатысады, дәстүрлі малшы шаруалардың, аңшылардың және қолөнершілердің тіршілігін көреді, қазбаларда археологтардың рөлін орындайды.
Сондай-ақ ғалымдармен, дәстүрлерді сақтаушылармен, шалғай жерлердегі бақсылармен кездесулер жоспарланған, олар қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы айтып береді. Көрермендерді керемет ландшафттар, аз зерттелген сәулет ескерткіштері, ежелгі тылсым жоралғылар және қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық тағамдары күтеді.
Оператор абоненттердің сұрауын ескере отырып, өнімдер әзірлеуді әрі қарай жоспарлауда. Бұл ретте компания қуаттылықтарды ұлғайтуды әрі қарай жалғастырады, өйткені біздің әрқайсымыз үшін (қалада немесе шалғай ауылда тұратынымызға қарамастан) онлайн-кинотеатрлар мен онлайн-сатып алулар үйреншікті іске айналды. Ал бір рет шертумен жасалатын әрбір тапсырыс компанияны абоненттермен тұтынылған трафиктің мөлшері бойынша кезекті рекордқа жақындата түседі.
Серіктестік материал