Ресейде әлеуметтік желілер арқылы валюта сатуды тоқтатпақ
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде валюта сатумен айналысатын арнайы топтардың пайда болғаны наурыз айының ортасында белгілі болды. Ресейде уәкілетті банктердің қатысуынсыз шетел валютасын сатып алу-сату заңсыз деп танылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің Федералдық салық қызметі аумақтық органдарға Ішкі істер министрлігімен бірлесіп валюта алыпсатарларын анықтауды тапсырды. Олар «қолдан» шетел валютасын сатып алуды және сатуды тоқтатады, деп хабарлайды РБК.
Валютаны «қолдан» сату әлеуметтік желілерде, Telegram арналарында және хабарландырулары бар интернет-сайттарда жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Соңғы уақытта шетел валютасын заңсыз сатып алу-сату фактілері белең алып кетті, осыған байланысты салық органдарына ішкі істер органдарының қолда бар мүмкіндіктерін ескере отырып, мұндай заң бұзушылықтарды анықтауға баса назар аудару тапсырылды. Федералдық салық қызметі
Наурыздың басында Федералдық салық қызметі «ұйымдар мен азаматтарға әкімшілік жүктемені азайту үшін» валюталық заңдардың сақталуын тексеруді тоқтатқанын хабарлады, бірақ жаңа нұсқауда жеке тұлғалардың валюталық алыпсатарлыққа мораторий салынбайтынын түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде валюта сатумен айналысатын арнайы топтардың пайда болғаны наурыз айының ортасында белгілі болды. Ресейдің «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңына сәйкес, уәкілетті банктердің қатысуынсыз валютаны сатып алу-сату заңсыз деп танылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript