Жаңалықтар тізбегі
0

Қоқысты ережесіз өртегені үшін 120 АЕК көлемінде айыппұл салынады

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 11:48 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті табиғатқа шыққанда және үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет екенін еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеу оңайырақ болуы мүмкін. Алайда қоқысты жағу кезінде абай болмаса, немқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келмейтін зияны тиіп жатады.

Қалдықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336 және 410-баптарына сәйкес АЕК-тің (айлық есептік көрсеткіштің) үштен жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қоқысты тек осы үшін арнайы бөлінген орындарда желсіз ауа райында кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде жағуға жол беріледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуға тиіс. Қоқысты жағу тек күндізгі уақытта, тұрақты бақылаумен жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде азаматтардан өте сақ және мұқият болуды сұрайды.

ТЖД қызметкерлері апат болмас үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтау қажет деп есептейді:

  • Учаске аумағын және оған іргелес аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптен уақтылы тазартыңыз;

  • Әр құрылымға су құйылған контейнер орнатыңыз.

  • Ғимараттардың шатырға жететін бүйір баспалдақтары, ал шатырда шатырдың жотасына жететін баспалдақ болуы керек;

  • Ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жерлерде от жағуға, қоқыс жағуға тыйым салынады;

  • Аулаларда газы бар баллондарды, сонымен қатар тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды қалдырмаңыз;

  • Бөтелкелерді ашық ауада қалдырмаңыз. Сынған әйнектер күн сәулесінде линзаға айналып, күн сәулелерін шоғырландырады. Ал ол астындағы шөптің жануына әкеледі;

  • Электр желілерін, электр және газ аспаптарын, пештерді жарамды күйде ұстаңыз және оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын ұстаныңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: