"Терезеден секіргендер қателесті": ТЖД қызметкерлері Ақкенттегі өрт туралы
Оның айтуынша, өрттен 80 адам құтқарылды. Олардың 16-сы - балалар. Өрт сөндірушілер оларды қолында ұстап, алып шыққан.
"Терезеден секірген адамдар қателесті. Сабыр сақтау керек еді", - деді Ерлан Әлібеков 2 тамызда өткен брифингте.
Бұған дейін ол "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың қандай қиындықтарға тап болғанын айтқан еді.
1 тамыз күні Алматыдағы көпқабатты үй "Ақкентте" өрт шықты. Өрттен қашып, адамдар терезеден секірген. Әлеуметтік желіде өрт кезінде түсірілген видео пайда болды. Сағат 17:10-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1-16-қабаттар аралығындағы электр кабельдері жанып, өрт пәтерлерге тараған. Өртенген үйден 200-ден астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 43 адам зардап шексе, бір әйел көп жарақаттан қайтыс болды. Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.