Алматының төтенше жағдайлар департаменті өрт шыққан "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі бұзушылықтар туралы айтты
Оның айтуынша, өрт сөндірушілерге тұраққа қойылған көліктер мен өрт сөндіру техникасына арналған кіреберістің болмауы кедергі келтірген.
"Түтінге қарсы қорғаныс жөнді істемей тұрған. Эвакуациялық баспалдақ алаңдары болған, бірақ есіктерде жабу құрылғылары болмағандықтан түтін тараған", – деді Ерлан Әлібеков.
Ол өрт фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
"Өрт қауіпсіздігі жүйесін күтіп ұстауға тұрғындар да жауапты", – деді Ерлан Әлібеков.
2023 жылғы 1 тамыз күні Алматы қаласындағы "Ақкент" тұрғын-үй кешенінде өрт шықты. Өрттен құтылу үшін адамдар терезеден секірген. Әлеуметтік желіде өрт орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады. Сағат 17:10-да құтқарушылар оқиға орнына жетті. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1-16-қабаттар аралығындағы электр кабельдері жанып, өрт пәтерлерге тараған. Өртенген үйден 200-ден астам адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 43 адам зардап шексе, бір әйел терезеден секіргенде жарақат алып, қаза тапты. Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.