Жаңалықтар тізбегі
0

Жазушы Дулат Исабековтің жары өмірден өтті

әйелі қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 17:55 Сурет: Facebook/Қазыбек Иса
Еліміздің белгілі жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Дулат Исабековтың жары қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында бқлісті.

Есімі елге әйгілі жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтың үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ешқандай ауырып жүрген жоқ-тын, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды дейді. Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді, деп жазады Қазыбек Иса.

Сонымен қатар Қазыбек Иса жазушыны жұбатуға сөз таппағаның жазды.

Екеуміз 56 жыл отасқан едік, жайымның барлығын жасайтын еді, енді менің жағдайымды кім ойлайды?! Ешқандай ауыра қоймаған еді, аяқ астынан тастап кете барды. Екеуміз биыл сексен жасымызды тойлаймыз деп, жоспарлап жүрген едік, -деп қамығып отырған Дулат көкемізді қалай жұбатудың өзі қиын болды. Өткен сенбіде ғана көріп едік Дулат көкемізді Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділдің жылдық асында. Қиын болды сексенге келгенде серігінен айрылу, деп ойын жеткізді Қазыбек Иса.

Алды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жарияланған, қазақ әдебиетінің алтын қазынасына енген шығармаларын жазғанда жайын жасаған, жанына демеу болған асыл жары, балаларының аяулы анасы болған, алпыс жылға жуық қол ұстасып бірге жүрген өмірсерігінен айрылу ағамызға өте ауыр тигені анық.

Берік болыңыз көке! Алланың үкімі ғой, қайтесіз енді. Бұл да бір ауыр сынақ, мықты болыңыз! Алла сабыр берсін! Қасиетті Рамазан айында дүниеден өтіпті, жәннаттан болсын жайы деп тілейміз. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Қара орман халқыңыз бар, қалың қазағыңыз бар қайғыңызды бөлісетін, Дулат көке, бекем болыңыз, деді Қазыбек Иса.

Zakon.kz редакциясы марқұмның отбасына, қазақтың көрнекті қаламгері Дулат Исабековке, ұлдары мен қыздарына, туған-туыстарына, ағайындарға көңіл айтады. Иманы саламат болсын асыл жеңгеміздің!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: