Доллардың бағамы бес теңгеге төмендеді

доллар бағамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 17:21 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір тәулікте 4,84 теңгеге төмендеп, 458,02 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда көлемі 78,36 миллион долларды құрады.

Күндізгі саудада доллар бағамы 458,87 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,93 теңге (+0,33), сауда көлемі 1,032 миллиард рубль болды.

Аукциондағы қытай юанінің бағамы 72,17 теңге (-0,70), сауда көлемі 44,1 миллион юань болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 457-462,5 теңге, еуро 500-507 теңге, ресей рублі 5,4-5,9 теңге аралығында сатылуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: