Ақтау тұрғынынан ақша бопсалаған үш ер адам ұсталды

тұтқындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 18:15 Сурет: polisia.kz
Ақтау қаласы ПБ-ға жазбаша өтінішпен қала тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, үш ер адамның зорлық-зомбылық әрекетпен оның ар-намысына кір келтіретінмәліметтер тарататындығын алға тартып, яғни бопсалау жолымен 460 мың теңге көлеміндеақшалай қаражатына ие болды.

Нәтижесінде, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар бұдан алдын да бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: