Алматыда 100 мың адамға су мен құрма таратылды
Сурет: ҚМДБ
Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айында қала көшелерінде 100 мың адамға су мен құрма таратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Оразаға орай Алматыда 100 мың дана құрма мен су таратылатынын хабарлаған едік.
Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен қала көшелерінде 25 тонна су мен 2 тонна Меккеден арнайы алдырған құрма 100 мың адамға үлестірілді. Шараға қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылды.
Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады. Рамазан құран айы. Сол себепті, осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі.Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан
Қаланың бас имамының айтуынша, Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сонымен қатар қала мешіттерінде де ауызашар беріледі. Ауызашар бергісі келетін кісілер мешіттердегі жауапты мамандарға жолығуларына болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript