Карантин кезінде балалар арасында семіздік ауруы етек жайған
Орал қаласының тұрғыны Зүлфия Жұмашеваның екі баласы да артық салмақпен күресіп келеді. Анасы айтуынша, әсіресе карантин басталғалы балалары артық салмақ қосып алған, делінген Астана телеарнасының материалында.
Үлкен ұлымның жасы 13-те, салмағы 66 келі. Қазір дұрыс тамақтану, спортты басталғалы 65 келі болды. Ал кіші қызым 10 жаста. Салмағы 46 келі. Алайда бұл 13 жасқа дейінгі балалар үшін тым көп салмақ. Зүлфия Жұмашева, ата-ана
Көпшілік, әсіресе жастар тез дайындалатын тағам өнімдеріне тым әуес. Ал бұл семіздікке апаратын негізгі жол дейді, - диетолог маман.
Ең басты себебі - ол адамның өзінің өмір салты. Аз қимылдау ия, спортпен шұғылданбау және де жоғары каллориялық тағам тұтыну. Бізде 66% сол өзінің өмір салтына байланысты, 10% гармон, 10% генетика деп айтамыз. Семіздік деңгейі жоғары болған сайын біз индекс ретінде дене массасын есептейміз ғой. Сол кезде егер ол үшінші дәрежеде болса, онда әрине адам өміріне қауіпті. Эндокринолог, диетолог Мәдина Сүлейменова
Маманның берген мәліметінше, семіздіктің өсуіне тағы бір себеп - құрамында қанты бар сусындарды тұтыну. Соңғы алты жылда елімізде қант диабеті мен семіздікке шалдыққандар саны екі есеге өскен. Дәрігерлер семіздікпен өлім-жітім көбейіп жатқанын айтады. Денсаулық Сақтау министрлігі Үкімет мүшелеріне дерттің алдын алу үшін бірқатар жоспарларын ұсынды.
Қазақстандағы барлық өлім-жітімнің 84%-ға жуығының себебі инфекциялық емес аурулар болып табылады. Инфекциялық емес ауруларды төмендету үшін құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу жоспарлануда, жарақаттанудың профилактикасы бойынша оқыту және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, балалардың арасындағы сколиоз, миопия ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстар жоспарлануда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Қазір семіздік әлемдік эпидемияға айналған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 2,8 млн адам артық салмақтың кесірінен ашал құшады. Мамандар фаст-фудтан, гамбургерден, дөнерден, қақталған картоптан бас тартып, дұрыс тамақтануға және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.