Синоптиктер 12 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өту әсерінен жаңбыр жауады. Оңтүстік жартысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте бұрқасын, солтүстік-батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.«Қазгидромет» РМК
Алматы облысында күндіз шығыста, таулы және тау етегіндегі аудандарда найзағай ойнайды. Оңтүстікте, шығыста желдің күші секундына 18-23 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда күн күркіреп, көктайғақ болады. Найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метр болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда – найзағай ойнап, жел күші секундына 15-20 метр болады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыста найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, солтүстікте, шығыста жел екпіні 23-28 метр болады.
Қарағанды облысында батыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Түнде жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді. Күндіз өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20, 25 метр болатын жел соғады.
Орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Көктайғақ болып, орталықта жел күші 15-20 метр күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батыста, күндіз басым бөлігінде жел болады деп болжанып отыр.
Күндіз Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында тұман болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, оңтүстікте, шығыста жел (күші секундына 15-20 метр).
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз Павлодар облысының орталығында жел болады. Екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.