Синоптиктер 13 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты

аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 16:43 Сурет: pixabay
Синоптиктер 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республикада бұрқасын болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түседі деп болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, солтүстік-батыста жаңбыр жауады, батыста найзағай ойнайды, түнде солтүстікте, шығыстың таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Қазақстанда жел екпіні 15-23 м/с күшейеді. Күндіз батыста шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады."Қазгидромет" РМК

Болжам бойынша, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды ​​облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар синоптиктер Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде -3°C аяз болатынын хабарлады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, солтүстігінде, Қарағанды ​​облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында түнде топырақ бетінде -1...-3°С аяз болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: