Қазақстандықтар отандық көліктерді алуы үшін тиісті шаралар қабылдаймыз – министр
Сурет: Zakon.kz
Үкімет кулуарында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша отандық көліктердің қымбат болуының себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мұнда әр модельді жеке қарау керек. Қажет болса, мен өндірушілерден көліктің құны неден құралатынын көрсететін бүкіл қаржылық модельді ашып айтып беруін сұрайын. Қайырбек Өскенбаев
Министр бағдарлама тек Қазақстан азаматтарына арналғанын атап өтті. Ол бойынша шетелдіктерге автонесие берілмейді.
Журналистер Қайырбек Өскенбаевқа қазір көп адамдар отандық көліктерді ұзын-сонар кезек пен көлік тапшылығына бола сатып ала алмай жатқанын, өйткені олардың кейбірін Ресей азаматтары сатып алып қойғанын жеткізді.
Шынымен қазір кезек үш-төрт айға ұласады. Ал егер бұл мерзім өзгерген болса, мен қазір келіп нұсқау беремін. Біз қазақстандықтар отандық автокөліктерді алуы үшін тиісті шаралар қабылдаймыз. Қайырбек Өскенбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript