Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан аяқталады

Нұр-Сұлтан қаласы, жылыту маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 11:27 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда күн райы жылынғанымен, қаладағы жылу қазір өшірілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +10°С және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылдайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілі қызмет көрсету ұйымдары үй-жайларда қолайлы температураны қалыптастыру үшін жылу беруді өз бетінше реттей алатынын ескертті.

Еске салсақ, 2021 жылы елордада жылу 29 сәуірде өшірілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: