15 сәуірден бастап Ақтөбе әуежайында барлық шектеу алынды
Сурет: Zakon.kz
15 сәуірден бастап Ақтөбе әуе айлағында қолданыстағы барлық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы қала әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Авиация әкімшілігінің шешімімен 15 сәуірден бастап Ақтөбе халықаралық әуежайында жасанды ұшу-қону жолағын жөндеу жұмысы кезінде белгіленген барлық шектеу алынып тасталды.Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі
Осыған байланысты әуежай шектеусіз тәулік бойы жұмыс істеуге көшіп жатыр.
Жақында бұрын орындалған барлық ішкі және халықаралық рейстер қалпына келтіріледі.Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі
11 наурызда Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылғаны белгілі болды. Келесі күні Ақтөбе облысының әкімдігі әуежайдың уақытша түнде ғана жұмыс істейтінін түсіндірді. Сонымен бірге 18 наурызда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің шешімімен Ақтөбе әуежайы 17 сәуірге дейін жабылғаны хабарланды.
28 наурызда сағат 16:00-ден бастап Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта бастады. Бірақ шектеулер болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript