Қазақстанның бес облысында найзағай ойнап, жел күшейетіні туралы ескерту жасалды

жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 18:58 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай ойнап, жел күшейетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 16 сәуірде күндіз Қарағанды ​​облысының батысында найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, облыс орталығында 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел, күндіз оңтүстік-батыста, батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Оралда түнде найзағай болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: