Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте кене шағып, ауруханаға түсетіндер көбейді

кене қаптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 15:39 Сурет: gov.kz
Шымкентте күн жылынғалы кене шаққандар саны көбейіп барады. Медициналық көмекке жүгінген мұндай науқастардың қатары былтырғы кезеңмен салыстырғанда үш есеге артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

qazaqstan.tv таратқан мәліметке сай, былтыр «улы жәндік шағып алды» деп дәрігер қарауына небәрі 7 адам келген болса, биыл олардың саны 22-ге жеткен.

Дегенмен, кенеден кесел жұқтырып, безгек болғандар жоқ. Былтыр мұндай жағдай екі рет қайталанған еді.

Шаһарда жылдағы жоспарға сәйкес улы жәндіктерді жою үшін дезинфекциялау ісі басталды. Зарарсыздандыру шарасы мамыр айының соңына дейін жүргізілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: