Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 млрд доллар берілді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша қаңтар оқиғасы салдарынан 1630 шағын және орта бизнес (ШОБ) зардап шекті, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 млрд теңгені құрады.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет жедел шаралар қабылдады, атап айтқанда:
ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу;
жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
салықтық және кедендік тексерулер және басқа да шаралар тоқтатылды.
Бүгінгі таңда 1491 ШОБ субъектісіне жалпы сомасы 8,3 млрд доллар берілді. Тимур Жақсылықов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript