Жаңалықтар тізбегі
0

Шимпанзені ұстау кезінде түсірілген видео желіде тарады

хайуанаттар бағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 14:26 Cурет: Zakon.kz
19 сәуірде Алматы зообағында «Приматтар» бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде вольерден шығып кеткен еді. Бақ қызметкерлерінің жануарды ұстай алмай жүрген сәті видеоға түсіріліп, желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz

Видеода зообақ мамандары мен күзетші шимпанзенің соңынан қуып жүргені түсіп қалған. Ал маймыл болса, қашып, ұстатпай жүр. Тіпті жануар күзетшіні қалай құлатып жібергенін байқамай қалды.

Желі қолданушылары видеоны қызықтап, күлкілі сәт ретінде бағалады. Қазақстандықтар қызметкерлерге де, жануарға да аяушылық танытып жатыр.

Шимпанзе бақ ішінде жүгіріп келе жатып әйел мен арбада отырған кішкентай баланы итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері тез арада алғашқы көмекті көрсетті. Жедел жәрдем де шақырылды. Баланың денсаулығына қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері шимпанзе тордан шыққанда күйзеліске түсті деп отыр.

Шимпанзе аумағынан бөлектеніп қалғандықтан стресске түскен. Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзені вольерге кіргізді. Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажет медициналық көмекті беруге дайын, – деп хабарланды Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: