Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер сынап бағаны күрт төмендеп, қар жауады, көктайғақ болады деп болжайды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2022 21:47 Сурет: pixabay
21 және 22 сәуірде еліміздің төрт қаласы мен бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда 22 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. 21 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, 21-23 сәуір аралығында ауа температурасы түнде +7...+ 9°С-ден -3...-5°С дейін күрт төмендейді.

Петропавлда күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні - 23 м/с. 21 сәуірден 22 сәуірге қараған түні ауа температурасының ... + 2+4°С-ден -5...-7°С-ге дейін күрт төмендейді.

Көкшетауда тұман түседі. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы + 5...+ 7°С-ден -3...-5°С дейін күрт төмендейді.

Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, желдің күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстары 25 м/с жетеді, 21-нен 22 сәуірге қараған түні ауа температурасы 0...+5° градустан -3...-8°С дейін күрт төмендейді деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса ұйытқи соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, Оралда шығыстан, солтүстік-шығыстан күндіз екпіні 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтары мен тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз таулы аудандарда бұршақ түседі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түркістанда түнде күн күркірейді. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркіреген кезде желдің екпіні 17-22 м/с, ал Алакөл көлінің маңында 25 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: