Рудный қаласындағы жаппай улану: асхана тексеріліп жатыр
Сурет: pixabay
Ішек инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке 35 студент жүгінді. Оның ішінде 14 адам жедел гастроэнтерит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаторлық ем тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Зардап шеккендердің барлығы колледж асханасындағы тамақпен байланыстырады. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.
Тексеру барысында зертханалық тексеруге тамақ өнімдерінің, судың, жуғыш заттардың сынамалары алынып, қоғамдық тамақтандыру бөлімінің қызметкерлері де тексерілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері дайындалуда. Мамандар індет ошағында эпидемияға қарсы шараларды қолға алуда. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев
Рудный қаласының полиция бөлімімен қозғалған қылмыстық іс аясында Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп жалға алған асханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Еске салайық, 20 сәуірде Қостанай облысының Рудный қаласында Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің студенттері арасында ішек инфекциясымен топтық ауруға шалдығу оқиғасы тіркелген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript